261
Ресейлік зымырандар ИГИЛ нысандарына шабуыл жасады
Ресейлік зымырандар ИГИЛ нысандарына шабуыл жасады
Ресей Әскери-теңіз күштері кемелері - "Адмирал Эссен" фрегаты мен "Краснодар" сүңгуір қайығы Сириядағы "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымының (көптеген елдерде тыйым салынған) нысандарын шабуылдады. Бұл туралы РФ қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.
"Ислам мемлекеті" нысандарына "Калибр" қанатты зымырандары жіберілген. Пальмирдің шығысында террористердің Раккиден әкелінген ауыр техникасы мен содырлары жинақталған. Зымырандар Жерорта Теңізі айдынынан ұшырылған. Төрт зымыран көздеген жерге тиді. "Краснодар" сүңгуір қайығы зымырандарды су астынан ұшырыпты. Соңғы рет Ресей кемелері Ислам мемлекетіне былтыр қараша айында шабуыл жасаған болатын.