Трамп Париж келісімінен шығатынын мәлімдеді

Трамп Париж келісімінен шығатынын мәлімдеді

Трамп Париж келісімінен шығатынын мәлімдеді
ашық дереккөзі
193
АҚШ президенті Дональд Трамп ғаламдық жылынуға қарсы тұру жөніндегі Париж келісімімен Құрама Штаттардың шыққанын жариялады деп жазады centralasian.org. Аталмыш құжатты Парижде 2015 жылы 22 сәуірде атмосфераның ластануына қарсы ондаған мемлекет қабылдаған еді. Париж келісіміне әлемнің 195 мемлекеті қосылды. Енді АҚШ бұл келісімді қолдамаған Сирия мен Никарагуаға қосылды.
Құрама Штаттарда климаттың өзгеруімен күресушілер көп болып шықты. Тіпті ауаны ластаушылардың бірі саналатын көмір компаниялары да президент Трампқа үндеу жолдады. Америкалық миллиардер, Tesla, SpaceX және PayPal компанияларының тең құрылтайшысы әрі президент Трамптың кеңесшілерінің бірі Илон Маск Құрама Штаттар Париж келісімінен шығатын болса, "Ақ үйдегі кеңестен кететінін" мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары