Манилада қонақ үйге жасалған шабуылдан 34 адам көз жұмды

Манилада қонақ үйге жасалған шабуылдан 34 адам көз жұмды

Манилада қонақ үйге жасалған шабуылдан 34 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
355
Филиппиннің астанасы Манила қонақ үй кешеніндегі оқ жаудыру мен өрт салдарынан кем  дегенде 34 адамның жансыз денесі табылды, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. 1 маусым күні кешке Ниноя Акино атындағы Филиппин халықаралық әуежайына қарсы бетте орналасқан Resorts World Manila қонақ үй кешенінде атыс пен жарылыстар естілді. Кейіннен полицияда түсіндіргендей, шабуылшы, құмар ойыншы шабуылды винтовкамен қаруланып алып, қонақ үйдегі казиноны тонамақ болған. Ол оқ жаудырып (адамдарға қарай емес) ойын столдарын өртеді, салдарынан ғимаратта өрт шықты. Көпшілігі ғимаратта оқшауланып қалды, салдарынан тұншығып қаза болды. Алдымен 25 ауруханаға жеткізілген зардап шегуші туралы хабарланған. Алайда кейіннен 34 адамның мүрдесі мен кем дегенде 50 зардап шегуші туралы ақпарат түсті. АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдің Маниладағы "террористік шабуылды" мұқият бақылап отырғанын мәлімдеді. Сондай-ақ БАҚ-та шабуыл үшін жауапкершілікті ИМ (Қазақстан, Ресей және өзге де мемлекеттерде тыйым салынған) террористік тобының мойнына алғаны хабарланған.  Алайда Филиппин полициясының басшысы Рональд Дела Роза оқиғаның тонау екенін және оның терроризмге қатысы жоқтығын мәлімдеді. Ал ИМ болуы мүмкін деген мәлімдемелерді насихаттау деп атады. Тонаушы 130 миллион филиппин песосын (2,6 миллион АҚШ доллары) қолды еткен. Алайда шабуылшы өзіне қол салды. Кейінен полиция оның табысы салынған сөмкені тауып алды.

Серіктес жаңалықтары