Әлем сыра ішуді азайтты

Әлем сыра ішуді азайтты

Әлем сыра ішуді азайтты
ашық дереккөзі
420
Әлемде алкогольдік ішімдіктерге сұраныс төмендеді. Бұл туралы ішімдікті ғаламдық тұтыну деңгейін анықтайтын International Wine and Spirits Record ұйымының есебінде көрсетілді, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі. 2016 жылы сыра өнімдерінің сатылымы 1,8%-ға төмендегендіктен, алкогольдік өнімнің нарықтағы саудасы 1,3%-ға кеміді. Бірнеше жылғы өсімінен кейін сидр сатылымы да 1,5%-ға құлады. Өткен бес жылда сауданың құлдырауы 0,3% деңгейінде тұрақтап тұрды, сол себепті 2016 жылғы мәліметтер алкоголь өнімін шығарушылар үшін күрделі мәселеге айналатындығын дәлелдейді. Аталмыш ұйымның есебіне сенсек, орташа шарап саудасы бұрынғы деңгейінде, ал күшті ішімдіктерді сату 0,3%-ға өскен. Алайда, ХВҚ мәліметінше, 2016 жылы жалпы ішкі өнімнің әлемдік көлемі 3,5%-ға артқан, ал экономикалық өсім әдетте Ресей, Қытай және Бразилия сынды ірі экономикалы үш елдегі алкоголь өнімдерін тұтынудың артуымен байланыстырылады. Бұл елдерде өсім бәсеңдеп, құлдырау байқалады. Сыра сатылымы Ресейде 7,8%, Бразилияда - 5,3%, Қытайда - 4,2%.   Дереккөз: ҚазАқпарат

Серіктес жаңалықтары