"Шахтерді" Ширмялис жаттықтыратын болды

"Шахтерді" Ширмялис жаттықтыратын болды

"Шахтерді" Ширмялис жаттықтыратын болды
ашық дереккөзі
327
Қарағандылық «Шахтер» командасын литвалық Саулюс Ширмялис жаттықтыратын болады. Онымен 2-ші маусымнан бастап келісімшарт жасалды. Бұл туралы  облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.  Қазақстандықтар 61 жастағы литвалық жаттықтырушыны оралдық «Ақжайық» және шымкенттік «Ордабасы» клубтарымен атқарған жұмысынан таниды. Сонымен қатар Ширмялис Қазақстанның жастар футбол құрамасын жаттықтырған. Бапкердің қызмет туралы тізімінде - литвалық «Венибе», «Панерис», «Жальгирис», «Каунас», «Экранас», «Шауляй» клубтары, латвиялық «Вентспилс», «Елагава», финдік «Атлантис», сербтік «Татран» клубы бар. Сондай-ақ ол Литва жастар футбол құрамасының бас жаттықтырушысы және Литва құрамасының бас жаттықтырушысы ассистенті қызметін атқарған. 17 маусымда өтетін «Шахтердің» өз алаңындағы «Атырауға» қарсы ойыны Саулюс Ширмялис үшін «кеншілердің» бас жаттықтырушысы ретінде алғашқы тәжірибесі болады.  

Серіктес жаңалықтары