337
Жарма тұрғындары ЭКСПО-ны тегін тамашалайды
Жарма тұрғындары ЭКСПО-ны тегін тамашалайды
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының 400-ге тарта тұрғыны Астанада өтетін ЭКСПО көрмесін тегін тамашалайтын болды, деп хабарлайды "Егемен Қазақстан" газеті.
Аудан тұрғындарына мұндай мүмкіндікті ұсынып отырған – осы өңір аумағында алтын өндірумен шұғылданып жатқан «Бақыршық тау кен өндіру кәсіпорны». Жақында кәсіпорын басшысы Ю.Овчинников аудан әкімі Нұрлан Сыдықовқа «ЭКСПО» көрмесіне демеушілік мақсатта бөлiнген, 2 миллион теңгеден астам қаржыға сатып алынған, әрқайсысы 6 мың теңге тұратын 390 билетті салтанатты түрде табыс етті.
«Кәсіпорын ұжымына алғыс айтамыз. Бұл билеттер ең алдымен, аудандағы соғыс және тыл ардагерлеріне, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына және дарынды оқушыларға берілетін болады», деген аудан әкімі көрмеге баратындардың жолы мен жүріс-тұрысына қосымша 14 мың теңгеден бөлінетінін жеткізді. Реті келгенде айта кетейік, аудан тұрғындары осы уақытқа дейін ЭКСПО көрмесінің 1750 билетін сатып алыпты.