Украина мен ЕО арасында визасыз режим күшіне енді

Украина мен ЕО арасында визасыз режим күшіне енді

Украина мен ЕО арасында визасыз режим күшіне енді
ашық дереккөзі
292
Бүгіннен бастап Украина мен Еуропа Одағы арасында визасыз режим тәртібі күшіне енді. Украина азаматтарының Еуроодақ елдеріне визасыз сапарлау тәртібі туралы екіжақты келісімді өткен айда Еуропарламент қол қойып, бекіткен. Жаңа тәртіп бойынша, Украинаның биометриялық төлқұжаты бар барлық азаматы Еуропа Одағы елдерінде әр жарты жыл аралығындағы уақытта 90 күнге дейін визасыз жүріп-тұра алады. Бірақ жаңа режим украин азаматтарына Еуроодақ елінде жұмыс істеуіне құқық бермейді. Еуропа Одағымен келісімнің күшіне енуіне байланысты сенбі күні Киевте өткен шарада сөйлеген сөзінде Украина президенті Петр Порошенко өз елінің «еуропалық халықтар отбасына қайтып оралғаны» туралы мәлімдеген. Сонымен бірге Порошенко болашақта Украинаның Еуропа Одағы мен НАТО ұйымына мүше болатындығына үміт білдірген.

Серіктес жаңалықтары