Forbes: Шоу-бизнестің ең қалталы жұлдыздары кімдер?

Forbes: Шоу-бизнестің ең қалталы жұлдыздары кімдер?

Forbes: Шоу-бизнестің ең қалталы жұлдыздары кімдер?
ашық дереккөзі
266
Forbes ең көп ақша төленетін шоу-бизнес пен спорт  жұлдыздарының тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осыған дейінгі рейтінгтің көшбасшысы - Тэйлор Свифт  бесінші ондыққа сырғыды. Атақтылардың  жария етілген тізіміне сәйкес,  бірінші орынды  2016 жылдың маусымынан бергі уақытта өзгелерден көп табыс тапқан  Дидди және Паф Дэдди лақап атымен танымал  америкалық рэпер Шон Комбс иеленді. 12 айдың ішінде ол 130 миллион долларды қалтаға басқан. Қаржының басым бөлігін рэпер Bad Boy Fanily Reunion  концерттік туры барысында тапты. Екінші орында - Lemonade  альбомын шығарып, артынша әлемдік турнеге аттанған әнші Beyonce. Оның ақшасы  - 105 миллион доллар. АҚШ азаматы еместердің арасында британиялық жазушы Джоан Роулинг үшінші орынды түйіндеді ($95 млн). Ол Топ -10-ға арада аз ғана үзіліс салып  «Гарри Поттер и проклятое дитя», сондай-ақ «Фантастические твари и где они обитают» киносценарийінің арқасында қайта оралды. Тізімде  төртінші орынға  Drake жалған атымен белгілі канадалық Обри Грэхэм шықты.  Оның тапқаны -  $94 миллион. Бестікті Криштиану Роналду ($93 млн) түйіндеді. Сондай-ақ ондыққа канадалық әнші  Тесфайе (Weeknd), радиожүргізуші Говард Штерн, британиялық  Coldplay поп- тобы, жазушы Джеймс Паттерсон және  баскетболшы Леброн Джеймс кірді. Еске сала кетсек, өткен жылы рейтингте бірінші орын  $170 млн табыс тапқан Тэйлор Свифтке бұйырған еді.  

Серіктес жаңалықтары