267
Ресейде өткен жемқорлыққа қарсы шеруде 1500-ден астам адам қамауға алынды
Ресейде өткен жемқорлыққа қарсы шеруде 1500-ден астам адам қамауға алынды
Дүйсенбі күні Ресейдің ондаған қаласында саясаткер Алексей Навальныйдың жақтастары ұйымдастарған коррупцияға қарсы митингтер өтті. Полиция акцияны заңыз деп танып, қатысушыларды жаппай ұстады.
Қамауға алынғандардың жалпы саны 1500-ден асып кеткенн.Риа Новости таратқан ақпаратқа сүйенсек, Мәскеуде 866 адам, Санкт-Петербург қаласында 548 адам, өзге қалаларда 146 адам ұсталған. BBC-дің хабарлауынша, оларға «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымын қолдайтын парақша таратты деген нақақ жала жабылған. Ал қозғалыс басшысы Навальныйдың өзін полиция үйінен шыға бере ұстап әкеткен.
Навальныйдың өзін Мәскеудегі үйінің алдында акцияға шығып бара жатқанда ұстап әкеткен. Ол митинг өткізуде заңды бұзды деген айыппен 30 тәулікке қамалуы мүмкін. Коррупцияға қарсы күрес қорының кеңсесінде электр жарығы мен интернетті сөндіріп тастаған.
Митинг алдында Навальный академик Сахаров даңғылында рұқсат етілген митингті Тверск көшесіне ауыстыру жөнінде мәлімдеген. Мәскеу мэрі қатысушылар ұрансыз, плакатсыз жүретін болса ғана Тверск көшесіне өткізуге рұқсат берген.
Митинг өткізуге Ресейдің үкімет басшысы Дмитрий Медведевке тиесілі болуы мүмкін делінген зәулім үйлер мен жер учаскелері жөніндегі зерттеу фильмі себеп болды.