Қазақстандағы ең жемқор өңір анықталды

Қазақстандағы ең жемқор өңір анықталды

Қазақстандағы ең жемқор өңір анықталды
ашық дереккөзі
472
2001 жылдан бері сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша 10 мыңнан астам адам сотталды, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев. "Сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша сотталғандардың 70 пайызы атқарушы билік органдарында қызмет еткен. 2001 жылдан енгізілген сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша ресми статистика осы жылдарда аталған факті бойынша 10 мыңнан астам адамның сотталғанын көрсетіп отыр. Осы уақытта жемқорлық қылмыстардан келген материалдық шығын 240 миллиард теңгеден асты. Оның 44 пайызы қайтарылды. Бұл жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің тиімділігі мен азаматтық қоғамның қолдауы артқанының нәтижесі", — деді Шпекбаев бүгін үкімет отырысында. Орталық атқарушы органдардың ішінде сотталғандардың саны бойынша Ішкі істер, Қаржы, Әділет, Қорғаныс, Ауыл шаруашылығы министрліктері көш басында тұр. 2016 жылы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты тіркелген 398 фактінің елу пайызға жуығы жергілікті полиция қызметімен байланысты. Осы салада жемқорлықпен күрес бойынша жоспар әзірлеп, іске асыратын қажеттілік туындап отыр", — деді ол. Агенттік төрағасының мәліметінше, Қаржы министрлігінде сотталғандардың 86 пайызы — кедендік, салық, сондай-ақ, экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері. Ал жергілікті атқарушы органдар ішінде білім беру ұйымдары, әкімдердің аппараты, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық, мәдениет және тілдерді дамыту салалары ең жемқор болып отыр. Өңірлер арасында рейтингті Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл облыстары бастайды. Дереккөз: sputniknews.kz

Серіктес жаңалықтары