189
Алматыдағы жантүршігерлік жол апатында 2 автобус пен 4 жеңіл көлік соғысты
Алматыдағы жантүршігерлік жол апатында 2 автобус пен 4 жеңіл көлік соғысты
Алматыда автобустардың қатысуымен жантүршігерлік жол апаты орын алды. Бір сәтте екі қоғамдық көлік пен төрт жеңіл көліктің соғысуынан бірнеше адам зардап шекті. Апаттың орын алуына №124 автобустың жүргізушісі себеп болған, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
Сарыарқа базарының маңында жарақат алған адамдарды көліктен шығару үшін машинаны бөлшектеуге тура келген. Іші тола жолаушысы бар 124 бағыттағы автобус BMW көлігіне келіп соғылса, ол №63 автобусты барып қаққан. Нәтижесінде, жол жигенідегі үш машина да қатты зақымданыпты. Жеңіл көліктегі адамдар ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
«Аталған дерек қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша саралануда. Алматы қаласы ІІД қарасты анықтау басқармасының қызметкрелері тергеуге кірісіп кетті. Күні кеше ғана тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның ішінде сот медициналық сараптама»,- деді ІІД ресми өкілі, Салтанат ӘЗІРБЕК.
Жалпы, Боралдайдан қатынайтын 124 автобус жүргізушілерінің көлікте темекі шегіп, адам толтыру үшін аялдамада ұзақ тұрып алатыны, тіптен жанармай бекетіне жолашулармен бірге баратыны, тас жолда жарысатыны сынды олардың әдепсіз қылықтары үшін түскен шағым бұрын да аз емес еді. Ал "Сант" ЖШС автопаркінің басшысы Әбдімажит Ешимов апатқа қатысты түсінік беруден бас тартты. Қалалық жолаушылар көлігі басқмармасының басшылары автопаркке сараптамдан соң тиісті шара қабылдайтындарын жеткізді.