190
Сербия үкіметін алғаш рет әйел басқарады
Сербия үкіметін алғаш рет әйел басқарады
Сербияның президенті Александр Вучич мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару министрі Ана Брнабичке үкіметті құруды тапсырды. Оның үміткерлігін парламент бекіткеннен кейін, Брнабич елдің премьер-министрі лауазымындағы алғашқы әйел болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен оның бойында барлық қажетті дағдылар мен жеке қасиеттері барына және оның көп жұмыс істейтініне де кәміл сенемін», - деп мәлімдеді Вучич. Брнабич президентке алғыс айтып, үкіметті құру барысында аянбай еңбек ететінін мәлімдеді.
«Егер парламент мені бекітсе, мен үкіметті барлық жауапкершілікпен және адалдықпен басқарамын. Өз жұмысымды абыроймен және сүйіспеншілікпен атқаратын боламын», - деп уәде етті Брнабич.