Әрбір үшінші тұрғыны семіздікке шалдыққан қай ел?

Әрбір үшінші тұрғыны семіздікке шалдыққан қай ел?

Әрбір үшінші тұрғыны семіздікке шалдыққан қай ел?
ашық дереккөзі
590
Молдавия семіруден зардап шеккен тұрғындар бойынша посткеңестік елдер арасында көш бастады. Семіздік ауруы елдегі әр бір үшінші адамда кездеседі. Бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.  Бұл дерек Америкалық New England Journal of Medicine басылымы жариялаған «Артық салмақтың денсаулыққа тигізер зияны мен 25 жыл ішіндегі 195 елдегі адамдардың семіруі» атты мақалада айтылған. Басылым зерттеуіне сәйкес, Молдавияда әйелдердің 31,1%-ы және ерлердің 19,7%-ы артық салмақтан зардап шегуде. Толық әйелдер Ресейде көп болса, ал артық салмақты ерлер тізімін Эстония бастайды. Жалпы әлем бойынша «семіз» елдер тізімінің басында АҚШ тұр. Өз кезегінде, молдавиялық дәрігерлер бұл  проблеманы  елдің 60 пайызын қамтитын адамдардың үнемі отырып, қозғалыссыз жұмыс істеуінен және дұрыс тамақтанбау салдары деп атап отыр. «Адамдар тамақ ішу мәдениетін білмегендіктен семіреді. Олар күніне екі-үш рет тамақтанады, ал дұрыс тамақтануда күніне үш сағат сайын бес рет ас ішу ұсынылады. Майлы, тұзды тағамдарды көп жейді. Ұйқыға кетер алдында тамақ ішпеу керектігін естен шығарады», - деді медицина ғылымдарының докторы Георгий Караджа.  

Серіктес жаңалықтары