353
Мұхамедиұлы Жаманқұловты қолдаған қайраткердің қызына доқ көрсеткен
Мұхамедиұлы Жаманқұловты қолдаған қайраткердің қызына доқ көрсеткен
Арыстанбек Мұхамедиұлының басы тағы дауға қалатын түрі бар. Бұл жолы артист, мәдениет қайраткері Қадырғали Көбентай министрді «қызыма тиді» деп айыптап отыр, деп хабарлайды sn.kz.
Қ.Көбентайдың айтуынша, оған Тұңғышбай Жаманқұловты қолдап, ол өткізетін баспасөз мәжілісіне бармауын талап еткен. Барған жағдайда артистің театрда жұмыс істейтін кенже қызы Аңсағанды жұмыстан шығарамыз деп қорқытыпты.
«Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері Тұңғышбай Жаманқұловтың бүгінгі өткізген пресс-конференциясына байланысты, кешеден бері неше түрлі қоңыраулар түсті. Ешқайсысына аса мән бермеп едім. Таңертең Белоруссияда, Минскіде гастрольде жүрген, Астана Балетте істейтін кызым Аңсаған қоңырау шалды. "Папа, маған бастығым В.Кузембаев сізге пресс-конференцияға бармасын деп жатыр, оны министр Арыстанбек Мухамедиұлы сұрап жатыр екен... Барсаңыз, мені жұмыстан шығармақ". Менде әлі ШОК!», - деп жазды Қадырғали Көбентай өзінің Facebook-парақшасында.
Дегенмен, министрдің мұндай әрекетінен қорқатын мен жоқ дейді ол.
«Азды-көпті ғұмырымда талайды көрдім, бірақ, дәл осындайды көрмеппін. Әлемдегі ең мықты деген (тарих бойынша) қылмыстық топтар баланы саудаға салмапты. Ең қиыны осы болды. Осыған дейін, Арыстанбекпен алты аласым, бес бересім жоқ еді, бүгіннен бастап бәрі кілт өзгерді. Балам бауыр етім ғой, ендігі ісім сенімен болсын, "құрметті" Арыстанбек Мухамедиұлы!..», - деді «Терісқақпай» театрының бұрынғы өкілі.