Қазақстанға келген неміс дәрігері жүрекке ашық ота кезінде қанды жасанды жолмен айналдырды

Қазақстанға келген неміс дәрігері жүрекке ашық ота кезінде қанды жасанды жолмен айналдырды

Қазақстанға келген неміс дәрігері жүрекке ашық ота кезінде қанды жасанды жолмен айналдырды
ашық дереккөзі
705
Алматы облыстық кардиология орталығында Германиядан шақыртылған атақты дәрігер Уинфрид Драмбурдың шеберлік сабағы өтті, деп хабарлайды 24.kz.  Жүрекке ашық операция жасау кезінде қан айналымын жасанды жолмен қамтамасыз ету өте маңызды. Неміс маманы -  бұл тәсілдің қыр-сырын жетік меңгерген белгілі перфузиолог. Сондықтан Талдықорғандағы операция кезінде оны іспен көрсетіп, жас кардиохирургтерге ақыл-кеңес берді. Айта кетейік, Алматы облыстық кардиология орталығында қазақстандық жас буын кардиологтардың талантты өкілдері еңбек  етіп жүр. Олар өткен жылы 250-ден астам ашық жүрек операциясын сәтті жасады. Оған танымал дәрігерлер өткізген шеберлік сабақтарының тигізген әсері көп. Уинфрид Драмбер, перфузиолог-дәрігер: - Мен 3 түрлі мақсатпен келген едім. Бірінші, әріптестерімнің қабілет-қарымын байқадым. Екінші, медициналық жаңа технологиялардың енгізіліп жатқанын көрдім. Үшіншіден, тәжірибемді үйретіп, жас дәрігерлерге бағыт-бағдар бердім. Жалпы сапарым сәтті болды. Зауре Оразғалинова, перфузиолог-дәрігер:  - Еуропалық танымал дәрігерден дәріс алу біз үшін үлкен қуаныш деуге болады. Осындай шеберлік сабақтары алдағы уақытта да өтеді деген ойдамын. Тәжірибе жинақтағанға не жетсін.

Серіктес жаңалықтары