328
Алматыда жоғалған студенттің Шымкентте жүргені белгілі болды
Алматыда жоғалған студенттің Шымкентте жүргені белгілі болды
Жуырда іздеу салынған ҚазҰУ студенті Арман Нұржанұлы дін аман. Алматы қалалық ішкі істер департаменті өкілдерінің бейресми ақпараты бойынша ол Шымкентте жүр. Ол қаладағы бірнеше бейне бақылауға түсіп қалған, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
Оның супермаркеттен киім сатып алғаны да жазылып қалыпты. Бірақ студенттің өзі табылған жоқ. Диплом қорғауға бір күн қалғанда іс-түзсіз жоғалған 22 жастағы жігітті анасы әлі іздеп жүр. Анасының айтуынша, оның қалтасында қомақты қаржы мен қымбат телефон болған. Полицейлер, айфон арқылы Арманның оқу орнына емес, Сайран автовокзалына барғанында GPS арқылы анықтаған еді. Грантта оқып, емтихандарын жақсы бағаға тапсырған студентті іздеуге 40-тан астам полицей мен еріктілер жұмылдырылған.
«Көңілім толмайды бұл аса ұзаққа созылғаны. Тергеуге сенем ғой. Бірақ, тергеу бұданда жылдам болса заявление жаздық қой. Олар өздерінің жұмыстарын жасап жатыр. Бірақ ол жұмыстан еш нәтиже жоқ.»,- деді Арманның анасы, Салтанат ӘБІЛМӘЖІНОВА.