422
Балмұздаққа арналған қасықты фонтан суына жуған әйел жалған құжатпен жұмыс істеген
Балмұздаққа арналған қасықты фонтан суына жуған әйел жалған құжатпен жұмыс істеген
Елордалық билік өкілдері балмұздаққа арналған қасықты фонтан суына жуған сатушы әйелді тапты.
Астана орталығында сатушының фонтан суына қасық жуып тұрған сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланған болатын.Содан кейін әкімдік қызметкерлері көшеде сауда жасайтындарды тексеріп шыққан.
"Тексеру анықтағандай, әйел адам жалған құжатпен жұмыс істеген. Ол көрсеткен құжаттар басқа бір кәсіпкерге тиесілі. Алайда біз сол бизнесменге хабарласып едік, ол бұл садуа көзіне қатысы жоқ екенін айтты. Және Нұрлыжол бульварында балмұздақ сатып жүрген адамдарды мүлдем білмейді екен", — деді Астана кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Руслан Ыдырысов.
Балмұздақ сатушысы туралы атышулы видеодан соң әкімдік сауда көздерін тексеріп шыққан болатын. "Сағат 11 ден түнгі екіге дейін тексердік. Алайда, өкінішке орай, жұмыс аяқталған соң, екі-үш сағат ішінде сатушылар қайта пайда болады, сондықтан үнемі тексеріп отыру керек", — дейді Ыдырысов.