Алматыда жаппай жол апатынан 6 адам зардап шекті

Алматыда жаппай жол апатынан 6 адам зардап шекті

Алматыда жаппай жол апатынан 6 адам зардап шекті
ашық дереккөзі
434
Алматыдағы Сейфуллин және Жансүгіров көшелерінің арасында Табаяқов көшесінің бойында жаппай жол апаты болды. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі. 
Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, 17-маршруттың екі автобусы бір-біріне қарсы жүріп келе жатқан кезде шығысқа қарай бет алған автобустың алдына Renault көлігі шығады. Автобус жүргізушісі кенеттен бірден қарсы қозғалысқа қарай бұрылып, басқа автобусты соғады, ол өз кезегінде тал мен бес көлікке — Honda CRV, Toyota Caldina, Volkswagen Passat, DAWEOO Nexia және Volkswagen Golf 3 – соқтығысып, екі қабатты ғимаратқа қарай ұшып кетеді. 2582642 Жол апатынан, алдын ала болжам бойынша, алты адам зардап шекті, олардың арасында екі балалы ана бар.

Серіктес жаңалықтары