Президент полиция қызметкерлерінің жалақысын көбейтті

Президент полиция қызметкерлерінің жалақысын көбейтті

Президент полиция қызметкерлерінің жалақысын көбейтті
ашық дереккөзі
238
 1 шілдеден бастап полицейлердің жалақысы 25%-ға өседі. Осындай шешім қабылданғанын Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ішкі істер органдарының құрылғанына 25 жыл толуына орай полиция қызметкерлерімен өткен кездесуде жеткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  "Қылмыспен күресте полицейлер алдыңғы қатарда жүреді және бірінші болып біздің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Соңғы жылдары олардың қызметінің нәтижелері айқын көрінуде. Мәселен, өткен жылмен салыстырғанда қылмыс деңгейі 15 пайыздан астам төмендеген. Аса ауыр және ауыр қылмыстардың бетін ашу көрсеткіші 72 пайызға жетті. Қалалар мен ауылдарда азаматтардың көшедегі қауіпсіздігі айтарлықтай көтерілді", — деді кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазіргі жаһандық тұрақсыздық уақытында халықтың билік өкілдері – полицейлерге сенім білдіруі аса маңызды екенін атап өтті.  "Сіздер қызметтік парызды мүлтіксіз атқарғанда ғана қоғам мен мемлекеттің жаңғыруы жүзеге асады. Сондықтан біз қазір қабылданған бағдарламалардың аясында құрылымдарды қайта құру жөнінде жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Соның нәтижесінде жергілікті полиция қызметі құрылды. Заңдылықтың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қатаң бақылауға алу қажет. Бұл – еліміздің орнықты әрі тұрақты дамуының басты факторының бірі. Сондай-ақ, заманауи тұрғыда тиімді полиция қызметі мемлекет пен халықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тиігізеді", – деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жоғарыда көрсетілген стратегиялық міндеттердің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін 2017 жылғы 1 шілдеден бастап ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбекақысын 25 пайызға өсіру жөнінде шешім қабылданғанын айтты. "Жұрт сіздерге қарап, мемлекеттік билік туралы пікір қалыптастырады. Сол себепті, полиция қызметкері баршаға үлгі болуға тиіс. Қазақстан полицейлері алдағы уақытта да бар күшін, тәжірибесі мен қуатын абыройлы парызды сәтті орындауға жұмсайтынына сенімдімін", – деді Қазақстан Президенті.

Серіктес жаңалықтары