Үш әйелді құлдықта ұстаған ақтөбелік шенді сотталды

Үш әйелді құлдықта ұстаған ақтөбелік шенді сотталды

Үш әйелді құлдықта ұстаған ақтөбелік шенді сотталды
ашық дереккөзі
281

Хромтауда үш әйелдің еңбегін қанап, аяусыз ұрып-соққан теміржол бекетінің басшысы сотталды. Ер адам оларды күректің сабымен ұрып, аяғымен тепкілеген, деп хабарлайды Керек инфо.

Бақай бекетінің 53 жастағы басшысына қатысты сот үкімі шықты. Сот материалдарына қарағанда, ер адам жеке шаруашылығында әйелдерді тегін еңбекке жегіп, құлдыққа салған. Қашып шықпақ болғандарды күректің сабымен ұрып, аяғымен ішінен тепкен. Тергеу барысында жәбірленушілердің бірінің 9 жылдан бері құлдықта жүргені анықталды.
Ер адам әйелге "тұратын жерің, тамағың мен жалақыңды беремін" деп уәде еткен. Алайда кейін оны заңсыз қара жұмысқа жегіп, қарсыласқаны үшін ұрып-соққан. Бұдан бөлек сотталушы облыстың 44 жастағы және 29 жастағы тұрғындарын жарты жылдай тегін күш ретінде пайдаланған. Әйелдер үй жұмыстарынан бөлек 30 шақты сиырды сауу, малдың қиын алу секілді қара жұмыстарды орындаған. Ақыры қожайының қорлығына шыдамаған әйелдердің бірі апасы арқылы полицияға хабар берген. Биыл 19 ақпанда ол қамауға алынды. Сотта ер адам өз кінәсін мойындамаған. Оларға айлық төлеймін деп айтпағанын, қол көтермегендігін айтып ақталыпты. Дегенмен сот Ганий Ильясовты Қылмыстық Кодекстің 126 - бабының 3 - бөлігі мен 128 - бабының 2 - бөлігі бойынша кінәлі деп тапты. Жеке мүлкін тәркілеп, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ жәбірленушілер - Флорида Шакибаеваға 1,5 млн теңге, Айнагүл Адаеваға 350 мың теңге, ал Наталья Бильге 150 мың теңге жалақысы өндірілетін болды.

Серіктес жаңалықтары