Маңғыстаулық сарбаз әскерден анасын сағынғандықтан қашқан

Маңғыстаулық сарбаз әскерден анасын сағынғандықтан қашқан

Маңғыстаулық сарбаз әскерден анасын сағынғандықтан қашқан
ашық дереккөзі
214
Әскери прокуратура Маңғыстаудағы әскери бөлімшеден сарбаздың қашып кетуіне отбасылық жағдайы себеп болғанын жария етті, деп хабарлады Tumba.kz.
Полицейлер қашқын сарбазды Маңғыстау облысы, Жетібай ауылынан аман-есен күйінде тапқан. 1996 жылы туған жігіт жоғалғаннан кейін үш күннен соң табылып отыр. Әскери прокуратураның мәліметінше ауылға дейін ол жолай кездескен көлік арқылы жеткен. Қазір жауынгерді қайтадан әскери бөлімге алып келді. “Оның ата-анасы ажырасып кеткен, анасы жалғыз қалыпты. Ол үйін сағынып, анасын көргісі келгендіктен қашып кеткен”, – деді әскери прокуратура. Сарбаз 23 маусым күні кешкі уақытта қашады. №25744 әскери бөлімінің екінші батальонында кешкі демалыс алдында кезекші барлық жауынгерлерді түгендеу барысында, бір сарбаздың жоқ екенін байқаған. Осылайша әскери бөлімде бірден шу көтеріледі. Белгілі болғандай сарбаз әскер қатарына 2017 жылы Оралдан шақырылған. Ол әскери бөлімнен қарусыз күйде қашып кетіпті.

Серіктес жаңалықтары