Министр Алакөлден гөрі Түркияда демалу анағұрлым арзан екенін мойындады

Министр Алакөлден гөрі Түркияда демалу анағұрлым арзан екенін мойындады

Министр Алакөлден гөрі Түркияда демалу анағұрлым арзан екенін мойындады
ашық дереккөзі
241
Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстандағы туристік қызметтердің бағасы неліктен қымбат екендігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның пайымынша, 2020 жылға дейін туризмді дамыту тұжырымдамасы Қазақстанның туристік компаниялары тарабынан ұсыныстарды арттырып, олардың құнын төмендететін болады. «Әрине, біздегі жоғары баға барлығының да ренішін тудырады. Ұсыныс көп болатын болса құны құлдырайды. Кең ауқымды әрекеттер орын алған кезде баға төмендеп, ұсыныстар барынша қолжетімді бола түседі», - деді «ЭКСПО-2017» медиа орталығында өткен баспасөз мәслихатынан кейін. Министр Алакөлден гөрі Түркия немесе Біріккен Араб Әмірліктеріне барған біршама арзанға түсетіндігін мойындады. «Алакөлге және басқа демалыс орындарынан гөрі Түркияға немесе Әмірліктерге барған арзанға түсетіндігі құпия емес. Сондықтан да қазіргі уақытта біз қарқынды жұмыс істеудеміз. Тұжырымдама (2020 жылға дейін туризмді дамыту тұжырымдамасы) дегеніміз не? Бұл қабылдап, жаба салатын ғана бағдарлама емес. Оның кейіннен заңнамалық актісі болады. Онда барлығы жазылады. Әрине, оны барлық мемлекеттік органдары орындауға міндетті»,- деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.  

Серіктес жаңалықтары