Колонияға қомақты қаржы жібермекші болған қарағандылық ұсталды

Колонияға қомақты қаржы жібермекші болған қарағандылық ұсталды

Колонияға қомақты қаржы жібермекші болған қарағандылық ұсталды
ашық дереккөзі
215
Қарағанды тұрғыны колонияда жазасын өтеушіге ақша мен флеш-карта бермекші болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімі екінші атқыштар батальоны үшінші атқыштар ротасының қызметкерлері түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды алып  кірмекші болған әрекеттің бетін қайтарды», - деп хабарлады Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі. АК-159/6 қатаң режимді колонияға кірмекші болған автомобильді тексеру кезінде жүксалғышқа тығып қойған қағаз орамы табылды. Орамда 106 200 теңге және екі флеш-карта болған. Ұсталушы ІІБ тергеу-жедел тобының мамандарына берілді. Кіші сержант Жандос Полат қырағылық танытқаны және кәсібилігі үшін әскери бөлімнің басшылығымен мадақталды.  

Серіктес жаңалықтары