Ақпарат саласының көшбасшылары жаңа одақ құрды

Ақпарат саласының көшбасшылары жаңа одақ құрды

Ақпарат саласының көшбасшылары жаңа одақ құрды
ашық дереккөзі
161
Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнінде еліміздің танымал медиабасшылары мен журналистер тобы «Қазақстан Медиаодағы» қоғамдық ұйымын құрғанын жариялады. Бүгін журналистер  кәсіби мерекесі күні одақ басшыларының бірінші жалпы жиналысы болып өтті. «Қоғамдық ұйымды құру кәсіби журналистер мен журналистика саласын нығайтуға бағытталған ақпараттық кеңістіктің қатысушыларын кәсіби қоғамдастыққа шоғырландыру қажеттілігінен туындады», - делінген ұйымның хабарламасында. Асқар Умаров, Арманжан Байтасов, Ерлан Бекхожин, Ерлан Қарин, Шәмшидин Пәтеев, Нұртөре Жүсіп, Нұржан Мұхамеджанова, Батыр Қазыбаев, Дана Орманбаева, Айдар Жұмабаев, Виктор Кияница, Михаил Дорофеев, Арман Шораев және Бейбіт Әлібеков  одақтың құрылтайшылары болды. 2017 жылдың қаңтар айында «Қазақстан Медиаодағының» бірінші съезі өткізіліп, онда басқарма мүшелері сайланады және одақ қызметінің негізгі бағыты талқыланатын болады.  

Серіктес жаңалықтары