Өркеннің өгей шешесіне қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Өркеннің өгей шешесіне қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Өркеннің өгей шешесіне қатысты үкім өзгеріссіз қалды
ашық дереккөзі
318
 Өгей ұлы Өркен Азаматұлының қазасына кінәлі деп танылған әйел мен оның ересек балалары сотқа қайта шағым түсіргенімен, үкім өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды КТК арнасы.
Тараптарды мұқият тыңдаған сот алғашқы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Ал Өркеннің туған анасы кінәлілерді өмір бойғы жаза тартқыза алмағанына қапалы.
Естіген жұрттың жағасын ұстатқан ауыр қылмысқа қатысты апелляциялық сотқа кінәлілер тарапынан жоғын жоқтап келген бір де бір туысы болмады. Тек ұзақ жыл арқалағандардың адвокаттары ғана түрлі дәлел келтірген болып, қорғауындағыларды ақтауды сұрады.
11 жастағы Өркен Азаматұлы 19-шы қаңтарда жоғалып кеткен болатын. Оның өлі денесі екі тәуліктен кейін Алматы іргесіндегі саяжайлардың бірінен табылған. Бейкүнә баланы қаскөйлер алдымен буындырып өлтіріп, артынан пышақтап тастаған. Жантүршігерлік жайтқа қатысты шешім шығарарада судья да көп ойланған жоқ. Жазаларын өзгеріссіз қалдырды. Өркенді өлтіруге тапсырыс берген өгей анасы Шәрипа Ақбердиева – 25 жыл, оның ұлы Темір Ақбердиев – 23 жылға, қызы Айдана Ақбердиева – 16 жылға, өгей баласы Қадыржан Гулямов – 12 жылға және көлік тізгінінде болған Руслан Мүтәліпов – 17 жылға сотталған болатын. Ал алдыңғы сотта кінәлілерді өмір бойына қамата алмаған марқұм баланың туған анасы осы шешімге де ризамын дейді. "Апелляциялық соттың шешімімен келісем. Тағайындалған жазаның бәрі сол күйі қалдырылды. Өмір бойына түрмеге қаматсам ба дегем. Бірақ, заң бойынша оған мүмкіндік жоқ екен", - дейді Өркен Азаматұлының анасы Айжан Қыдырмолданова. Бұдан бұрын да айтылғанындай, қаршадай баланың қыршын кетуіне өшпенділік себеп болған. Ал осы қылмыстағы басты кейіпкер Шәрипа Ақбердиеваның апелляциялық шағымы кеш түсуіне байланысты тіпті қаралған да жоқ.

Серіктес жаңалықтары