Астана циркіндегі қойылым кезінде ресейлік әртіс арқаннан құлады

Астана циркіндегі қойылым кезінде ресейлік әртіс арқаннан құлады

Астана циркіндегі қойылым кезінде ресейлік әртіс арқаннан құлады
ашық дереккөзі
203

Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, даршы Василий Пешков Астанада трюк көрсету кезінде арқаннан құлап түсті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 "Әуе даршылары" номерін орындау кезінде цирк әртісі өнерін аяқтап қалып, әріптесімен ұзын таяқты ұстап арқанмен өткен, алайда ол шамамен он метрлік биіктіктен құлап кетті.
Василий Пешковты көтеріп алып кеткен. "Василий Пешковта бәрі жақсы", — деп хабарланды кейіннен көрермендерге. Әртіс бұрын Австралия, Австрия, Италия, Ұлыбритания, Швейцария, Қытай, Голландия, Орталық Америка, Германия және өзге елдерде сәтті өнер көрсеткен. "Азия жаңғырығы" атты оныншы мерейтойлық цирк өнерінің дәстүрлі фестивалі 2 шілдеде басталып, 6 шілдеге дейін жалғасады. Фестивальде Беларусь, Мысыр, Қырғызстан, Монако, Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина, Эфиопия, Қытай сынды елдерден келген және Қазақстанның ең үздік цирк әртістері өнер көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары