873
Өрт сөндіру машинасы алматылық жаяу жүргіншіні қағып кетті
Өрт сөндіру машинасы алматылық жаяу жүргіншіні қағып кетті
Алматы қаласында өрт сөндіруші машина жаяу адамды қағып кетті, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
«Өрт сөндіруші машина Шаляпин көшесінен төменірек Алтынсарин көшесімен маяк жарықтарын қосып кетіп бара жатқан. Осы кезде көліктің алдын Алтынсарин бойында батыстан шығысқа қарай белгіленбеген тұстан жаяу жүргінші кесіп өткен. Машина жүргіншіні қағып кетті. Оған медициналық көмек көрсетілді», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомства өрт сөндіруші машинаның жүргізушісі жағдайдың салдарын жеңіл ету үшін барын салғанын мәлім етті. Ал қалалық ІІД бұл оқиға туралы әзірге түсінік бермей отыр.