194
Астанаға Сирия бойынша келіссөздердің кезекті кезеңіне қатысушылар келді
Астанаға Сирия бойынша келіссөздердің кезекті кезеңіне қатысушылар келді
Астана процесі аясындағы кезекті келіссөздер кезеңінің қатысушылары Сириядағы шиеленісті шешу мәселелерін талқылау мақсатында Астанаға келді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Астана процесі аясында келіссөзге қатысушы барлық делегациялар Астанаға келді, олардың қатарында тоғыз адамнан құралған сириялық қарулы оппозиция өкілдері де бар. БҰҰ бас хатшылығының Сирия мәселесі бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистура да келді. Бүгін делегациялар арасында екі жақты келіссөздер жасалып, ертең пленарлық отырыс өткізу жоспарланып отыр», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Ануар Жайнақов.
ҚР Сыртқы істер министрі бұған дейін Астана процесі аясындағы Сириядағы жағдайды реттеуге байланысты кезекті кездесу 4-5 шілде күндері өтетіндігін хабарлаған болатын. Оның айтуынша, бұл жолғы келіссөздерге де Астана процесінің алдыңғы кездесуіне қатысқан делегация мүшелері қатысуда.