Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшағы әлемдегі ең қымбат лайнерлер қатарында

Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшағы әлемдегі ең қымбат лайнерлер қатарында

Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшағы әлемдегі ең қымбат лайнерлер қатарында
ашық дереккөзі
434
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшағы ең қымбат лайнерлердің тізіміне енді. Чартерлік тасымал бойынша әлемдік көшбасшы Air Charter Service компаниясы әлем лидерлері қатынайтын әуе кемелерінің тізімін жария етті, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.
Сонымен, ең қымбат лайнер Катар Әмірі Тамим бин Хамад Әл Таниде екен. Бағасы 1,5 миллиард доллар. Екінші орында, Эйр Форс ұшағының иесі Дональд Трамп. Ақ үй қожайынының әуе кемесі 1 миллиард доллар тұрады екен. Ал, үшінші орындағы  Ресей президенті Владимир Путин мінетін лайнердің құны 500 миллион доллар. Ангела Меркель 300 миллион долларлық лайнермен қатынаса, Францияның экс-президенті Франсуа Олланд 270 миллион АҚШ валютасы тұратын Эйрбасты қолданады. Алтыншы орынға бірден төрт ел көшбасшыларының ұшағы жайғасқан. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың нөмірі бірінші борты. Қазақстан президентінің лайнерімен бір сатыда Қытай басшысы Си Цзиньпинь, Британия премьері Тереза Мэй және Бахрейн патшасы Хамад ибн Иса Әл Халифаның ұшақтары жайғасқан.

Серіктес жаңалықтары