330
Жатақханадағы студент өліміне кінәлі жігітке үкім шықты
Жатақханадағы студент өліміне кінәлі жігітке үкім шықты
Қазақ ұлттық аграрлық университетінде болған қайғылы жағдайға кінәлі деп танылған Тойчыбек Асамовты сот 8 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады КТК телеарнасы.
Ауыр жаза арқаласа да Тойчыбектің өзі сабырлы қалпынан танбады. Адам өлтірді деп айыпталып жатқан оның өзі – аталған университеттің 2-курс студенті. Ал төменгі курстағы балаға әлімжеттік жасағандардың жалпы саны 8 болатын. Енді соның жетеуі қайта тергелмек.
Айта кетейік, қайғылы оқиға сәуірдің 11-інде болған еді. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің жатақханасында үлкен курстың студеттері бірінші курстың ұлдарын сабап, соның салдарынан тараздық Дидар Болысбек көз жұмған болатын. Әуелгі соққыны ауырсынғанына қарамастан, Тойчыбек тағы бірнеше жұдырық жұмсап үлгеріпті. Жәбір көрсетушілердің сондағы мақсаты төменгі курстағылардан 5 мың теңге жинап алу екен. Алайда, Тойчыбектің анасы өз баласын жазықсыз дейді. Ол бұл сұмдық қылмыс үшін басқаларды кінәлап отыр.
Саламат Асамова, Т.Асамовтың анасы:
-Балам ешқандай ұрмаған. Өйткені, сол кезде үйленетін қызымен сөйлесіп жатқан кезде Жаппар Ерлан келіп, құлағынан телефонын жұлып алып, «телефоның керек болса, түсесің менің артымнан» деп сол телефонға ерегісіп түсіп, сол бәленің үстінен шығып қалған. Баламның түк те кінәсі жоқ.