232
Ливанда босқындар лагері өртке оранды
Ливанда босқындар лагері өртке оранды
Ливанда тағы да босқындар лагері өртенді, деп хабарлайды 24.kz.
Түтіннен бір бүлдіршін тұншығып өлген. Өзге зардап шеккендер туралы мәлімет әлі түскен жоқ. Өрттің шығуына не себеп болғаны да әзірше белгісіз. Бұл лагерьді жүздеген босқын паналаған. Олардың көбі – көрші елге бас сауғалаған сириялық Ракка қаласының тұрғыны.
Еске салып кетейік, өткен сенбіде Ливандағы өзге бір лагерінде өрт болып, бірнеше адам қаза тапқан болатын. Соңғы кезде Ливанда аптап ыстық. Орташа температура 40 градус төңірегінде. Бұл елдің бірнеше аймағында өрттің шығуына себеп болған.