Қатты қобалжыған шымкенттік қалыңдық той үстінде босанды

Қатты қобалжыған шымкенттік қалыңдық той үстінде босанды

Қатты қобалжыған шымкенттік қалыңдық той үстінде босанды
ашық дереккөзі
1316

Шымкентте 500 адам жиналған той жас жұбайларсыз өтті. Бұл туралы "Время" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады. 

Қуанышты күннің басты қаhармандары - күйеу жігіт пен қалыңдықтың жоқтығы тойға келген қонақтарды еш қызықтырмаған секілді.
Отырысқа жиналған бес жүз адам жақсылап көңіл көтеріп, жас жұбайлардың құрметіне тост айтып, әбден тойлатқан. "Алғашында қонақтар шаңырақ көтеру қуанышын тойлап жатты, ал кейін шілдехананы бастап жіберді", - дейді той иелері туыстарының бірі Мира Сүлейменова. - Қалыңдық жүктіліктің сегізінші айында болатын. Той алдында қатты қобалжыған ол мерекелік дастархан үстінде отырудың орнына перзентханадан бір-ақ шықты. Күйеу жігіт оның жанында болды". Жас жұбайлардың ата-анасы қанша жерден уайымдаса да, тойды кейінге қалдыруды жөн санамаған. Қонақтардың бәрі перзентханадан хабар күтіп, отырысты ұзаққа созып жіберіпті. Қалыңдықтың қыз босанғаны туралы хабар келген соң, қуаныш еселене түсіп, тойлату әрмен қарай жалғасын тапқан.

Серіктес жаңалықтары