"Үлкен жиырмалық" саммиті: алпауыттар қандай тоқтамға келді?

"Үлкен жиырмалық" саммиті: алпауыттар қандай тоқтамға келді?

"Үлкен жиырмалық" саммиті: алпауыттар қандай тоқтамға келді?
ашық дереккөзі
351
"Үлкен жиырмалық" саммитіне қатысушы ел басшылары әлемдік сауда мен ғаламдық климат мәселелеріне қатысты мәселелерді талқылап, саммит қорытындысы бойынша коммюникті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып. Бірлескен құжатта АҚШ "өзге елдерге кен отынына қол жеткізуге және соларды анағұрлым таза, тиімді жолмен пайдалануға көмектесу үшін ол елдермен тығыз жұмыс істейтіні, оларға қалпына келетін және басқа да таза қуат көздерін дамытуға жәрдемдесетіні" туралы бапты келісімге енгізуді қалайды. Бұл ретте қалған 19 елдердің басшылары 2015 жылы мақұлданған Париж келісімін құптайды және оның қайта қаралмауы керек деп есептейді. Ол туралы құжатта айтылған. Сондай-ақ «Үлкен «жиырмалық» елдерінің басшылары жиында әлемдік қаржы жүйесінің ашықтығын қолдау бойынша барлық міндеттерді орындауға уәделесті. «Қазіргі кезде күшті, тиімді және өкілдік жаһандық экономикалық және  қаржылық институттар аса қажат. Біз әділетті және заманауи салық жүйесімен жұмыс жасауға атсалысатын боламыз», - делінген коммюник мәтінінде. Еске сала  кетейік, Гамбургтегі саммит жұмысына АҚШ президенті Дональд Трамп, Ресей президенті Владимир Путин, Қытай президенті Си Цзиньпин және өзге әлем лидерлері қатысты.  

Серіктес жаңалықтары