232
"Сыра патшасының" ісі бойынша тағы да сот басталды
"Сыра патшасының" ісі бойынша тағы да сот басталды
Шымкентте кәсіпкер Тохтар Төлешовтің ісі бойынша тағы бір сот басталды. Оны өткен жылы қарашада Астанадағы сот билікті күшпен басып алуға талпынған және қылмыстық топ құрған деген айыптармен 21 жылға соттаған болатын.
"Дархан GROUP" компаниясының бұрынғы директоры және "Шымкентсыра" кәсіпорынының негізін қалаушы Тохтар Төлешовке бұл жолы "Террористік қауіптерді саралау орталығы" басшысы болып тұрған уақытта салықтан жалтарған деген айып тағылды. Сонымен бірге пара берген деген айып келтірілген.
Төлешовпен бірге сотталушы үстелінде тағы сегіз адам отыр, олардың арасында сыра зауыттың бұрынғы қызметкерлері, мемлекеттік кіріс аудандық басқармасының қызметкерлері бар.
Іс Еңбекші аудандық сотында судья Мырзалы Жорабаевтың төрағалығымен қаралуда.