400
ЭКСПО-ның миллионыншы билеті кімнің еншісінде?
ЭКСПО-ның миллионыншы билеті кімнің еншісінде?
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің миллионыншы билетін сатып алған көрермен – Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Қайрат Мамаев Астана күні қарсаңында көрме қалашығын аралады, деп хабарлады egemen.kz.
Шымкенттегі жоғары оқу орындарының бірінде инновациялық технологиялар жөніндегі проректор болып қызмет атқаратын Қайрат Мамаев сәтті билетті сәуір айында сатып алғанын айтады. Астанаға арнайы келген ол көрмедегі инновациялық жаңалықтар мен ғылыми ізденістердің әлеуеті зор екенін әңгімеледі. «Нұр Әлем» сферасы мен шетелдік павильондардың заманауи жетістіктері мені, расында таңғалдырды. Миллионыншы билетті сатып алған кезде көрме әкімшілігі елордаға шақыртып, құрмет көрсетті, бағалы сыйлықтар тапсырды», дейді шымкенттік қонақ.