Жол жөндеу техникасы жұмысшыны басып кетіп, мерт қылды

Жол жөндеу техникасы жұмысшыны басып кетіп, мерт қылды

Жол жөндеу техникасы жұмысшыны басып кетіп, мерт қылды
ашық дереккөзі
740
Қостанай облысы Амангелді ауданы  Амангелді кентінде жол жөндеу барысында арнайы техника жұмысшыны басып кетті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Облыстық ІІД түсінік бергендей, 6 шілде күні Арқалық-Амангелді бағытындағы тас жолда жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында 46 жастағы ер адам қаза тапты. Бұл фактіге сәйкес Амангелді АІІБ полицейлері ҚР ҚК 277-бабы 2 тармағы «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде. 47 жастағы арнайы автотехниканың жүргізушісі ер адамды басып кетіп, соның салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмған. Сараптама тағайындалды.  

Серіктес жаңалықтары