271
Елімізде ауыз су бағасы 40 пайызға қымбаттайды
Елімізде ауыз су бағасы 40 пайызға қымбаттайды
Қазақстанда ауыз су тарифінің тағы да өсуі мүмкін. Сарапшылар бағаның бірден 32-40 пайызға дейін қымбаттауы ықтимал екенін айтып отыр. Бұл туралы "Қазақстан Су арнасы" қауымдастығының экономист-сарапшысы Мәншүк Сәрсенбекова "Казправда" басылымына берген сұхбатында мәлімдеді деп жазады sn.kz.
"Тарифтер құрылымында инвестициялық салымдар пайда болды, бұл өз кезегінде құбырларды жаңартуға, сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға инвестициялар әкелуі тиіс. Бірақ бұл тарифтік саясатқа көшу үшін су арналарының өз қаражаттары жетпейді, сондықтан бағаны өсіруге мәжбүр", - дейді Сәрсенбекова. Қазақстанның 8 қаласындағы су жүйелерін қайта жаңарту жұмыстарына инвестиция құюды бірінші болып Еуропаның қайта құру және даму банкі қолдаған. "Келесі жылы тағы бірнеше келісімшартқа қол қойылады деп күтілуде. Бұл бағытта қазір жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы инвестиция көлемі 124 млрд теңге. Еуропаның қайта құру және даму банкі 2015-2020 жылдар аралығында 18,4 млрд теңге инвестиция құяды", - дейді Сәрсенбекова.