Қырғызстанның бұрынғы муфтиі Гүленмен кездескен

Қырғызстанның бұрынғы муфтиі Гүленмен кездескен

Қырғызстанның бұрынғы муфтиі  Гүленмен кездескен
ашық дереккөзі
348
Қырғызстанның бұрынғы муфтиі Чубак ажы Жалиловтың түрік діни қайраткері Фетхуллах Гүленмен кездескені олардың суреті Интернетте жарияланған соң ғана белгілі болды. Жалилов Гүленмен АҚШ-қа он күндік сапары кезінде жүздескенін растады, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі
"Мен Гүленмен кездескім келді. Оның сабақтарына бардым, біз әңгімелестік. Мен Түркияның оны терроршы деп жариялағанын білем, бірақ оны ешқандай мемлекет мойындаған жоқ. Біздің елде Гүленді сыйлайды, оның лицейлері, басқа да ұйымдары істейді", – деді Жалилов. Фетхуллах Гүлен мұсылмандардың дін уағыздаушысы Саид Нүрсиді дәріптейді. Нүрси ханафит мазхабын қолдаған. Гүлен өзі құрған қозғалысқа жетекшілік етеді. Қозғалыстың Түркия мен басқа да елдерде бизнес нысандары және білім мекемелері бар. Өткен жылы Түркиядағы бүліктен соң қозғалыстың мыңдаған мүшесі ұсталды, түркия билігі Гүленді "терроршы" деп жариялады.

Серіктес жаңалықтары