Күйеуімен ажыраспақ болған келінді таяқпен тоқтатпақ болған ене айыппұл арқалады

Күйеуімен ажыраспақ болған келінді таяқпен тоқтатпақ болған ене айыппұл арқалады

Күйеуімен ажыраспақ болған келінді таяқпен тоқтатпақ болған ене айыппұл арқалады
ашық дереккөзі
202

Күйеуінен кетпек болған ақтөбелік келін енесін таяқ жеді.  Жапа шеккен келіншек енесін сотқа беріп, істі жеңіп шыққан. Сот ашулы зейнеткерді келініне 50 мың теңге төлеуге міндеттеді, деп жазады NUR.KZ.

 Ақтөбелік Людмила күйеуімен жанжалдасып қалғаннан кейін ата-анасының үйіне оралмақшы болады. Кикілжіңге зейнеттегі енесі араласқан.
Қайын ене өз келінін балағаттап, дауды ушықтырып жіберген. Қарт әйелдің қолында пышақ болған, оның ашуына келінінің барлық жанжалды диктофонға жазып алғаны тиген. Ол келініне тап беріп, оны ұрып, арқасын тырнаған. Ол қарсыласпас үшін оның қолымен мойнын еденге басып тұрған. Кейіннен Людмила  анасының үйіне барып, полицияға баруға шешім қабылдайды. Сот сараптамасы әйелдің мойны мен кеудесінің қанталағанын, денсаулығына жеңіл зиян келгенін анықтаған. Людмила енесін "денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бабы бойынша сот алдында жауапқа тартты. Ол енесінен моральді шығын үшін 300 мың теңге сұраған. Ал енесі соттан өзін ақтауды сұрап, ұлының келінімен жиі ұрсысқанын, өзінің олардың арасына түсіп, оны ұрмағанын айтып ақталды. Сот зейнеткердің мәліметіне сенбеді. Істі келіні жеңіп шықты. Сот Татьяна К.  56 мың 725 теңге(25 МРП) айыппұл салды. Оның үстіне, сот зейнеткерді енді бұрынғы келініне моральді шығын үшін 50 мың теңге төлеуге міндеттеді.

Серіктес жаңалықтары