396
Көпбалалы ананың қос арманы орындалды
Көпбалалы ананың қос арманы орындалды
«Нұр Отан» партиясы Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар аудандық филиалының өкілдері жергілікті тұрғын Айнұр Тыныбекованың екі өтінішін де оңтайлы шешіп берді.
Айнұр Еркінқызы – көпбалалы ана. Ол 2016 жылы жергілікті филиал өкілдерінен жұмысқа орналастыруды сұраған еді. «Нұр Отан» партиясы аумақтық филиалының қоғамдық қабылдауына жазған өтінішіне орай, ол Бәйтерек ауылындағы мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып қызметке орналастырылды.
Ақпан айында Айнұр Еркінқызы аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдауына екінші рет өтініш жасап, баспанамен қамтамасыз етуді сұраған. Осыған байланысты «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы – аудан әкімі Б.Жұмабеков тиісті орындарға мәселені шешуді тапсырған. Филиал қызметкерлері «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өтініш берушінің тиісті құжаттарын жинастырды. Құжаттар аудандық әкімшіліктің қаржы және экономика бөліміне тапсырылады. Жақында комиссия шешімімен Айнұрға Элитное селосынан баспана сатып алу үшін ең төменгі пайызбен 3 миллион теңге бөлінді. Партия қамқорлығына бөленген Айнұрдың нұротандықтарға алғысы шексіз.