Америкалықтардың үштен бірі ғана Трамптың жұмысына разы

Америкалықтардың үштен бірі ғана Трамптың жұмысына разы

Америкалықтардың үштен бірі ғана Трамптың жұмысына разы
ашық дереккөзі
424
Америкалықтардың 36 пайызы ғана президент Дональд Трамптың жұмысына көңілі толады. Бұл - The Washington Post газеті мен АВС телеарнасы бірігіп жүргізген сауалнаманың қорытындысы, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі
Жарты жылдық жұмыс қорытындысы бойынша мұндай төмен рейтинг 70 жылдан кейін алғаш рет тіркеліп отыр. Трамптың антирейтингі сәуірден бері 58 пайызға өскен. Жауап берген респонденттердің 48 пайызы Трамптың жұмысын сынаған. Сауалнамадағы "Трамптың ұлы мен күйеу баласының сайлау алдында ресейлік заңгер Наталья Весельницкаямен кездесуі этикаға сай ма?" деген сауалға 63 пайыз респондент теріс жауап берген. Америкалықтардың 19 пайызы Трампты Путинмен келіссөз жүргізуші деп санаса, 48 пайызы Трамп Путинмен тең емес деп есептейді.

Серіктес жаңалықтары