Рыпакова "Гауһар лиганы" төртінші орынмен аяқтады

Рыпакова "Гауһар лиганы" төртінші орынмен аяқтады

Рыпакова "Гауһар лиганы" төртінші орынмен аяқтады
ашық дереккөзі
279
Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова жеңіл атлетикадан Марокко астанасы Рабатта өткен «Гауһар лига» сайысының 10 кезеңіне қатысып, жарысты төртінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды vesti.kz.  Рабатқа Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Римде өткен «Гауһар лиганың» төртінші кезеңінің жеңімпазы Венесуэла елінің атлеті Юлимар Рохас келген жоқ. Есесіне өзге мықтылардың бәрі қатысты. Олардың арасында Рио Олимпиадасының чемпионы колумбиялық Катрин Ибаргуэн де бар. Рабатта үш қарғып секіруші қыздар Римдегідей жоғары нәтиже көрсете алмады. Жеңімпаз Катрин Ибаргуэннің үздік көрсеткіші – 14,51 см. Күміс жүлдеге ямайкалық Кимберли Уильямс (14,31 см) қол жеткізді. Үшінші орынға Грекиядан келген Параскеви Папахристу (14,21 см) ие болды. Өкініштісі, Ольга грек қызынан бар-жоғы 1 сантиметрге қалып қойды. Жерлесіміздің нәтижесі – 14,20 см. Сөйтіп, төртінші орынға тұрақтады. Жарыс алдында Ольга Рыпакованың жеке бапкері әрі жұбайы Денис Рыпаков қазақстандық спортшыдан аса жоғары нәтиже күтудің қажеті жоқ екенін, әзірге Әлем чемпионатына дайындық екенін айтқан болатын. Енді Олимпиада чемпионы 21 шілде күні Монакодағы XI кезеңге қатысады. Одан кейін жерлесіміз Лондондағы әлем чемпионатында өнер көрсетеді. Дохада басталған лига Бельгия астанасы Брюссельде аяқталады. Жалпы «Гауһар лига» 14 кезеңнен тұрады. Чемпион атанған атлетті 50 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы күтіп тұр. Сондай-ақ әрбір кезеңде үздік нәтиже көрсеткен спортшының қалтасы да бос қалмайды. Кезең жеңімпаздарына 10 мың доллар көлемінде сыйақы үлестіріледі.  

Серіктес жаңалықтары