Бұдан былай ереже бұзған жүргізушінің үстінен хаттама толтырылмайды

Бұдан былай ереже бұзған жүргізушінің үстінен хаттама толтырылмайды

Бұдан былай ереже бұзған жүргізушінің үстінен хаттама толтырылмайды
ашық дереккөзі
234
Қазақстандық жол полициясының атқаратын қызметтеріне байланысты бірқатар өзгерістер енгізілуде.Бұл туралы ҚР Бас прокуратура өкілі Бағдат Мусин Фейсбуктегі парақшасында жариялады, деп жазады stan.kz
“Әр жобаның артында қалың адамда шоғыры тұрады. Біздің комитеттің командасы жол полициясының жұмысы үшін жоба құрастырды” деп жазған ол 9 кезеңнен тұратын өзгерістерді ұсынды: 1. Бұрын хаттаманы қағазға жазып тұруға 15-20 минут кететін болса, қазір оны планшет арқылы 3-5 минутта реттеуге болады; 2. Қағазда азаматтың мәліметтеріне қатысты қателіктер кетіп, айыппұлдар уақытылы төленбеді. Ал қосымша арқылы ЖСН нөмірін енгізіп, барлық мәліметтер база арқылы шығып тұрады; 3. Егер азаматтың жол ережесін бұрын бұзғаны туралы білгісі келсе полиция рация арқылы диспетчермен хабарласатын. Енді қазір планшетте ол адам бұзған әкімшілік жауапкершіліктер сайрап тұрады. 4. Электронды хаттаманы жоғалтып алу, жою, өңдеу мүмкін емес. Ондағы мәліметтер бірден базаға тіркеледі; 20108596_1982383812044707_3311462082255862690_n 5. Қағаз хаттама кезінде полицей хаттамаларды тағы бір қызметкерге өткізуге тиісті еді. Енді планшет арқылы ереже бұзушылық бірден айыппұлдардың бірыңғай базасына топ етіп, төлем жасау үшін екінші деңгейлі банктерге таратылады; 6. Айыппұлды төлегеннен кейін базадан аты-жөнің жойылады; 7. Сондай-ақ, сен туралы қосымша куәлік беріледі (көлігі ұрланған ба немесе жол-көлік оқиғасына қатысы бар ма деген секілді). 8. Сақтандыру базасы мен техникалық тексеру базасы ынтымақтасады; 9. Жақын арада полицейлердің айыппұлдарды планшет арқылы қабылдайтын мүмкіндігі болады.

Серіктес жаңалықтары