Қызылордада электр энергиясы арзандайды

Қызылордада электр энергиясы арзандайды

Қызылордада электр энергиясы арзандайды
ашық дереккөзі
267
Қызылордада 1 тамыздан бастап электр энергиясының тарифі арзандайды,  деп хабарлады ҚазАқпарат.   ҚР Табиғи монополияны реттеу агенттігінің өңірлік департаменті 2016 жылғы электр энергиясына жүргізген тексеру қорытындысына орай осындай шешім қабылдады. Департамент директорының міндетін атқарушы Гүлмира Өтегенованың айтуынша аймақтағы энергиямен жабдықтаушы ұйымдар биылғы жылдың 1 тамызынан бастап тарифтерін азайтады. Оның ішінде «Энергосервис» ЕЖШС килловатт сағатта тұтынылған (ҚҚС-пен) энергия тарифін 18,67 теңгеден 17,74 теңгеге дейін, «Шиелі Жарығы» ЖШС 19,08 теңгеден 18,45 теңгеге дейін, ал «Дәулетэнерго» 14,24 теңгеден 14,06 теңгеге дейін төмендетеді. Сонымен қатар, департамент 2016-2017 жылғы жылу маусымына жүргізген зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК мен «Теміржолсу Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жылу құнын сырттағы ауа температурасымен сәйкестендіріп қайта есептеу жөнінде ұйғарым берді.  

Серіктес жаңалықтары