Полицей кейпіне енген алаяқ зейнеткердің 1 млн теңгесін жымқырып кетті

Полицей кейпіне енген алаяқ зейнеткердің 1 млн теңгесін жымқырып кетті

Полицей кейпіне енген алаяқ зейнеткердің 1 млн теңгесін жымқырып кетті
ашық дереккөзі
218
Павлодар қаласында өзін полицей деп таныстырған алаяқ зейнеткерлердің жарты миллион және 330 мың теңге ақшаларын алып кеткен.  Бұл туралы қалалық ІІБ тергеу бөлімінің бастығы Оралсын Құдайбергенов мәлім етті, деп хабарлайды рavlodarnews.kz.   - Полиция бөліміне алаяқтық әрекеттерге тап болған екі зейнеткер жүгінді. Олардың айтуынша, құқыққорғау органдарының қызметкері болып танысқан ер азамат ақшаларын алып кеткен. Қазіргі уақытта алаяқты іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Маусым айында ұқсас жағдай орын алған. Белгілі болғандай, сол кезде ұсталған күдікті 60-тан астам адамды алдаған. Оның ісі сотқа жіберілді, - дейді бөлім бастығы. Павлодар облыстық ІІД күдікті қоңырау шалынған сәтте ақпараттың шынайығын растап алу керектігін ескертеді. Егер сіз алаяқтық құрбаны болсаңыз, тез арада 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.  

Серіктес жаңалықтары