295
Неміс-түрік қатынастары: Меркельдің шыдамы таусылды
Неміс-түрік қатынастары: Меркельдің шыдамы таусылды
Германияның сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль ГФР Түркияға қатысты сыртқы саясат бағытын өзгерткенін ресми түрде жариялады. Оның айтуынша, мұндай шешім канцлер Ангела Меркель мен Социал-демократиялық партия басшысы Мартин Шульцтің мақұлдауымен қабылданған, деп жазады centralasian.org.
Габриэльдің айтуынша, Анкараның Германияға қатысты әрбір кері әрекетіне "сабырмен қарап келген". Бірақ Берлин Түркияның соңғы жылдағы әрекеттеріне төзе алмайды.
Министрдің айтуынша, Германияның Түркияға жасап отырған экономикалық көмегі мен инвестициялық несиелері қайта қаралады. Сонымен бірге, Еуропалық одақтың Түркияның ұйымға қосылу қарсаңындағы көмектерін қайта қараған дұрыс. Германия Еуропалық одақтың мұндай мәселелерге қатысты шешім қабылдауына ықпал ете алады.
Германия билігі өз азаматтарына Түркияға барудан бас тарту туралы кеңес беруі мүмкін. Түркиямен қарым-қатынасты "бұрынғыдай жалғастыра беру мүмкін емес" деп мәлімдеді Габриэль. Жақында Стамбулда Германия азаматы Петер Штойдтнер (Peter Steudtner) мен тағы бес адам құқығын қорғаушы ұсталған. Түркия билігі оларды терроризмді қолдады деп айыптап отыр.
Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ибрагим Калынның мәлімдеуінше, "Германия сыртқы істер министрлігінің бұл мәлімдемесі елдегі сайлау қарсаңында сайлаушылардың көңілін аудару үшін жасалып отыр".