Аршавин: Қазақстанның Ресейден еш айырмашылығы жоқ

Аршавин: Қазақстанның Ресейден еш айырмашылығы жоқ

Аршавин: Қазақстанның Ресейден еш айырмашылығы жоқ
ашық дереккөзі
268

Ресей құрамасы мен лондондық "Арсеналдың" бұрынғы ойыншысы, бүгінде "Қайрат" сапында доп тебетін Андрей Аршавин Қазақстанның Ресейден айтарлықтай айырмашылығы жоқ екенін жеткізді. Бұл туралы ол Матч ТВ арнасына берген сұхбатында айтқан деп хабарлайды NUR.KZ.

"Жергілікті халықтың мәдениетін бойыма сіңірдім деп айта алмаймын. Жергілікті халықтың дәстүрін ұстанбаймын. Бірде бір пайыз қазақ емеспін. Орыспын, сол еуропалық күйімде қалдым. Бірақ қалада қалай жүріп, өзімді қалай ұстау керектігін білемін. Шынымды айтсам, Алматы мен Краснодардың еш айырмашылығы жоқ. Бәрі де орысша сөйлейді. Ресейден айтарлықтай өзгеше емес бұл жақ", - деген Аршавин қала көшелерінің атаулары туралы да айтып өтті. "Мұндағы көше атаулары да орысшаға аударылып жазылады. Көше атауларын есте сақтау қиын болса да, тауып алуға болады. Мәселен, "Достық" көшесін халық әлі күнге дейін бұрынғы атауымен "Ленин" деп атайды. Тіпті, Ленин көшесінің қазіргі атауын білмейтіндер де көп", - дейді футболшы.

Серіктес жаңалықтары