264
Күйеу баласын көлігімен әдейі қаққан азамат ұсталды
Күйеу баласын көлігімен әдейі қаққан азамат ұсталды
Алматы облысында өз күйеу баласын көлікпен әдейі қаққан 44 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.
Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында болған. 24 мамыр күні жергілікті тұрғындардың бірі өз күйеу баласымен ренжісіп, "жигулимен" баспақ болған. 27 жастағы жігіт ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті, ал қайын атасы қашып кеткен еді. "Күдікті ер адамға республикалық іздеу салынған, ал аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Кеше жедел қызметкерлер күдіктінің қай жерде екенін анықтап ұстап, аудандық полицияға жеткізді", - деп атап өтті облыстық ІІД. Жәбірленуші ауруханадан шығып, қайын атасына арыз жазудан бас тартыпты, дегенмен полиция қылмыстық тергеуді жалғастыруда. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторында отыр.