296
Белгілі нумеролог Қазақстан халқының 20 миллионға қашан жететінін айтты
Белгілі нумеролог Қазақстан халқының 20 миллионға қашан жететінін айтты
Танымал нумеролог Айсұлу Ахимованың есептеулері бойынша Қазақстан халқы алдағы он жылдықта жиырма миллионға жетпек. Бұл туралы NUR.KZ хабарлады.
«Менің есептеулерім бойынша Қазақстан халқы 20 миллионға алдағы 8-9 жылда жетпек. Бірақ бұл нақты жауап емес, тек болжам ғана екенін ескерткім келіп отыр. Негізі, бірінші мамандығым математик болғандықтан, өзімді мұндай нақты емес жауаптардан алшақ ұстауға тырысамын. Ал, жалпы, халық санының өсуіне бірнеше факторлар әсер етеді. Оның ішінде, демографиялық жағдай, көші-қон мәселесі сияқты жағдайлар да бар. Сол себепті, халық санының өсуі мәселесі нумерологияға қарағанда, статистика іліміне жақын деп айтар едім», - деді Айсұлу Ахимова.