373
Оралда "Халил шейхтің" соты өтіп жатыр
Оралда "Халил шейхтің" соты өтіп жатыр
Орал қалалық сотында 25 шілдеде 42 жастағы дін қайраткері Әбдіхалил Әбдіжаппаровтың ісіне қарсы сот отырысы өтті. Оған "діни араздық туғызған" және "терроризмді насихаттаған" деген айыптар тағылған. Прокурордың айыптау актісіне қарағанда, Әбдіжаппаров 2003 жылдан бері Атырау, Орал және Ақтөбе қалаларындағы түрлі мешіттерде ваххабизм және такфиризм идеяларын насихаттаған, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
"Халил шейх" лақаб атымен танымал Әбдіжаппаров мұсылмандарды намаз оқымайтындарды "кафир" деп атауға, олардан ет сатып алмауға, сондай-ақ жихадқа шақырған", - деді прокурор айыптау сөзінде.
Әбдіжаппаров сотта тағылған айыптармен келіспейтінін мәлімдеді. Оның істі алқа билер соты қарасын деген өтінішін судья Руслан Жұмағұлов қабылдамады. Судьяның айтуынша, алқа билер аса ауыр қылмыстарды қарайды.
Келесі сот отырысы 1 тамызға белгіленген. Судья журналистерді Орал қаласының 27 куәгерін сұрау жабық өтетінін ескертті, өйткені куәгерлер өз өмірлері үшін қорқады. Іске жүзге жуық куәгер тартылған.
Әбдіжаппаровты Сауд Арабиясынан биыл ақпанда Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сұрауымен жер аударды.